fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
fuga mobilya
 «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы БАЯНДАМА
Zur Navigation | Zum Inhalt
FVCML0208 10
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы БАЯНДАМА Печать

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендетінің бәрімізге белгілі. Сондықтанда-да, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылдаңған. Сол стратегиядағы көрсетілген мәселелер, қойылған мақсаттар «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің ұжымында дөңгелек үстелде талқыланды. Талқылаушы – әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі – А.Айтбаева. Отырыста, А.Айтбаева бұл стратегияның мақсат пен міндеттерін айтып өтті, соның ішінде ол – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылатыны айтылды.

«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушы ретінде 2014 жылы 173 ашық конкурс өткізген болатын. Мемлекеттік сатып алу барысында комиссия мүшелері мемлекеттік сатып алудың ең басты қағидаттарың ұстанады, ол: мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, мемлекеттік сатып алу процесінің жариялығы мен ашықтығы.

Мемлекеттік сатып алу конкурстары қолданыстағы нормативтік-құқықтық актіге сәйкес жүргізіледі. Конкурсқа қатысқан мердігерлердің келіп түскен арыздары болса, ұқыпты қаралып, нақты жауап беріледі. Мердігер, жұмысын бітірген уақытында, жұмысты қабылдап алуға мемлекеттік комиссия құрылады, ол комиссияға бірнеше қала кәсіпорындарының өкілдері кіреді, сондықтан бұл жағынан да құқық бұзушылыққа жол жоқ.

Біздің мекеме жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді сапалы, уақытылы қарау жөнінде және мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне бақылауды күшейтуде. Сонымен бірге, комиссиямен

қабылданған шешімдер тиісті жауапты орындаушыларға жолданылып, оның орындалуы арнайы бақылауға алу – бұл біздің басты міндетіміз.

Өз жағынан, Ақтөбе қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, бөлім ұжымының жалпы жиналысында жаңадан өзгеріс еңгізілген нормативтік-құқық актілерімен қызметкерлерді таныстырып өткен болатын.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес және Жоспарды орындау мақсатында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілері 2014 жылғы кірістері және мүлкі туралы декларацияларын ұйымдастырып, уақытында тапсыруға дайын.

Азаматтардың сенімін бекіту, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және Құрылыс бөлімінің лауазымдық тұлғаларының Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, ондағы телефон нөмірі бұқаралық ақпарат қызметтеріне көрсетілген. Сондай-ақ, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кедергісіз ақпарат алуы үшін мекеменің веб-сайттары жұмыс жасауда.

2014 жылы, құрылыс бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылыққа еш жол бермеген. Болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды өз деңгейінде жүргізбеген қызмтекерлерге комиссия отырысында қаралып, тиісті шара қолданылатындығы туралы ескертілді.

Осы күнге дейін келушілерден қабылдау бөлмесіндегі жәшік пен сенім телефоны арқылы бірде-бір шағым түскен емес.

Сыбайлас жемқорлық - бұл, біріншіден, мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден, мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден, қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдыратады.

Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдау керек, ал мемлекеттік басқару құзырлы әрі тиімді болу қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.

 

«Ақтөбе қаласының

құрылыс бөлімі» ММ басшысы А.Әлімбаев

 

Голосование

Как вы оцениваете работу нашего отдела?